Жеке тұлғаның салық берешегіне байланысты шешімдер нысандарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағына, 83-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 190-бабы 2 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жеке тұлғалардың салық берешегін өтеу туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
3) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын жою туралы бұйрығының нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 541 бұйрығына 1 қосымша
Нысан
Жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама
| 20 __ жылғы «___» _________ | № _____ |
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 83-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес
_____________________________________________________________________