Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 159 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы | Б. Асылов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
міндетін атқарушы
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 159 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі