Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 200 Қаулысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 77 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ойыл аудандық мәслихаты
Ойыл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 31 қазандағы
№ 200 қаулысына қосымша
Ойыл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі
№ 77 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
| Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша |
| Халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
| Аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы |