Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 459 Қаулысы
(2018.25.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 459 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 522 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 522 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.»;
118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: