Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 389 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 13 июня 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2022
Дата последнего измененияпонедельник, 13 июня 2022

 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 389 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 5-қосымшада:

реттік нөмірі 3-жолда:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

8)

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда ұсталатын адамдарды емдегені үшін медициналық қызметкерлерге

БЛА-дан 540 %

»;

ескертпелерде:

7-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 11-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 13-қосымшада:

реттік нөмірі 2-жолда:

7) тармақша алып тасталсын.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 13 маусымдағы

№ 389 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1193 қаулысымен

бекітілген 11-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар

 

Р/с №

Қосымша ақылардың атауы

Қосымша ақылардың түрлері

Қосымша ақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1

Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом