Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 381 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 27 июня 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 27 июня 2018
Дата последнего изменениясреда, 27 июня 2018

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 381 Қаулысы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Мыналар:

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 25024,0 гектар жер учаскелері су қоры жерлері санатынан;

2) «Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 340076,6 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан алынсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысы Балқаш ауданының аумағындағы жалпы алаңы 415164,2 гектар, соның ішінде Қараой мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы 213603,9 гектар жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге тұрақты жер пайдалануға берілсін.

4. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Алматы облысы Балқаш ауданының жалпы алаңы 50063,6 гектар босалқы жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік табиғи резерваттардың ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом