Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 447 бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі | Ч. Аринов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 13 қазандағы
№ 447 бұйрығымен
бекітілген
Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының
нормативтері
1. Осы өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтері (бұдан әрі - Нормативтер) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтерін белгілейді.
2. Осы Нормативтерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) өндірістік бақылау - өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын қауiптi өндiрiстiк объектiдегі іс-шаралар;