Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 342-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 342-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

1) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Осы Кодекске өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығаруға бастама жасау тəртібімен əзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.»;

2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Ауыл шаруашылығы алқаптары ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарға берілген кезде ауыл шаруашылығы өндірісіндегi шығасы осы Кодекстің 105 жəне 106-баптарына сəйкес өтеледі.»;

3) 11-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы «топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация» деген сөздер «топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық зерттеп қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 12-бапта:

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) жердің шөлейттенуі - климаттық жағдайлар бойынша қуаңшылық, жартылай қуаңшылық жəне құрғақ аймақтардағы жердің табиғи жəне (немесе) антропогендік сипаттағы əсерден тозуы;»;

1-тармағының 4) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

12-1) тармақшадағы «(шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы)» деген сөздер алып тасталсын;

39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«39) топырақ - биотикалық, абиотикалық жəне антропогендік факторлардың ұзақ уақыт əсер етуі нəтижесінде жер бетінде пайда болған, минералдық қатты бөлшектер мен органикалық заттардан, су мен ауадан тұратын жəне өзіндік ерекше генетикалық-морфологиялық белгілері, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін тиісті жағдай жасайтын қасиеттері бар өздігінен табиғи түрде жылдар бойы қалыптасқан дербес органикалық-минералды табиғи дене;»;

1-тармағының 5) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

5) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы «нысанын» деген сөзден кейін «жəне оны жасау (жаңарту) тəртібін» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармағының 6) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

6) 37-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі «5)» деген цифрдан кейін «, 7-1)» деген цифрлармен толықтырылсын;

5-тармақтың 1) тармақшасындағы «1-2-тармағында» деген сөздер «3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «топырақтың үстіңгі қабатына» деген сөздер «топыраққа» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармағының 8) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

8) 43-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортын жасау (жаңарту) жəне беру;»;

2-тармақта:

сегізінші бөлік алып тасталсын;

он екінші бөліктегі «сегізінші бөлігінің 1) тармақшасында жəне» деген сөздер алып тасталсын;

жиырма алтыншы бөліктегі «Осы Кодекстің 43-1-бабына сəйкес берілетін жер учаскелерін қоспағанда, жер» деген сөздер «Жер» деген сөзбен ауыстырылсын;

7-1-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жер комиссиясы хаттамалық шешімінің, ал жер учаскесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілетін жағдайларда - шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың нөмірі мен күні;»;

1-тармағының 9) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

9) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«43-1-бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері

1. Мемлекеттік меншіктегі жəне жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беру осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген тəртіппен жəне шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс (бұдан əрі - конкурс) негізінде жүзеге асырылады.

2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру конкурстарда жүзеге асырылу қажеттігіне байланысты оны беруден бас тартылған жағдайда, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары сұралып отырған жер учаскесі бойынша конкурстарды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.

3. Қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері иеліктен шығару, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру құқығынсыз, осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сəйкес белгіленген ең аз мөлшерден аспайтын мөлшерде бес жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен конкурстан тыс беріледі.

Жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайта беруге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру осы Кодекстің 81-бабына сəйкес осы тармақтың бірінші бөлігі негізінде берілген жер пайдалану құқығын тоқтатуға алып келеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде бес жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға осы Кодекстің 37-бабында көзделген тəртіппен ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы шартты жаңа мерзімге жасасу құқығы беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ережелер жаңа мерзімге жасалған шартқа қолданылмайды.

4. Конкурс мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен электрондық нысанда өткізіледі.

Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

5. Жер учаскесі:

конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін; жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін

конкурсқа шығарылады.

6. Жайылымдарды конкурста беру Жайылымдарды басқару жəне оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

7. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді жəне атқарушы органдарының бірлескен шешімімен айқындалады.

Бұл ретте көрсетілген мөлшерлер осы Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сəйкес белгіленген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерінен аспауға тиіс.

8. Өткізілетін конкурстарға:

жер учаскелері мəжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалардың;

осындай конкурстар өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына қол қоюдан бас тартқан, бұған дейін өткізілген конкурстар жеңімпаздарының қатысуға құқығы жоқ.

9. Конкурс қорытындысы хаттамамен ресімделеді. Конкурс қорытындысы туралы хаттама бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Конкурс қорытындысы туралы хаттама аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім қабылдауына негіз болады.

10. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уəкілетті органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорынға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортын жасау үшін бір жұмыс күні ішінде жібереді.

11. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уəкілетті органы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасады.

12. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) жөнінде жасалған шарттың нəтижесі бойынша оның пайдаланылуына, оның ішінде конкурс жеңімпазының конкурс қорытындысы бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауына:

1) жалдаудың алғашқы бес жылында жыл сайын;

2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында - əр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында əр бес жыл сайын мониторинг жүргізіледі.

13. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалануды мониторингтеу орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүргізіледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нəтижелері осындай шартты орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жаңа мерзімге жасасуға негіз болады.»;

10) 65-бапта:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) топырақтың ылғалдылығын сақтап тұруға, топырақтың құнарлылығын сақтауға жəне оның тозуын болғызбауға бағытталған топырақты қорғау технологияларын қолдану арқылы жерлердің шөлейттеуін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) топырақты зерттеп қарауды, мелиорациялық, агрохимиялық жəне геоботаникалық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;»;

14) тармақшадағы «жəне (немесе) құнарлылығын жоюға» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқарады.»;

11) 71-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «топырақты зерттеу,» деген сөздерден кейін «мелиорациялық, агрохимиялық,» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 93-баптың 5-тармағындағы «жері» деген сөз «жерлерінің топырағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 97-бапта:

1-тармағы 13) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

6-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі «1-2-тармағында» деген сөздер «3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақта:

бірінші бөлікте:

«алқаптарының сапасын мемлекеттік бақылау» деген сөздер «мақсатындағы жерлердің топырағын қорғау жəне оларды ұтымды пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

«зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер» деген сөздер «зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық зерттеп қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармағы 13) тармақшасының жетінші жəне сегізінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартымен бір мезгілде беріледі.»;

14) 98-бапта:

4-тармақтың екінші бөлігінде:

«Топырақ-мелиорациялық жай-күйі» деген сөздер «Топырақ жай-күйі мен мелиорациялық жай-күйі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«зерттеу, топырақ-мелиорациялық,» деген сөздер «зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық зерттеп қарау жəне» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың бірінші бөлігінде:

екінші абзацтағы « жердің агроөндірістік топырақ сипаттамасының олардың» деген сөздер «топырақ жай-күйінің оның» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзацтағы «қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамасы» деген сөздер «топырағының жəне мелиорациялық қолайсыз жай-күйі» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 122-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «учаскесінің құнарлы қабатын» деген сөздер «учаскесі топырағының құнарлылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 147-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) жерді жақсарту жөніндегі, топырақтың эрозиясын, қайта сортандануын, батпақтануын, су басуын, құрғап кетуін, ластануын, тығыздалуын, қоқыстануын, қатты тығыздалуын, шөлейттенуін жəне жердің тозуына алып келетін басқа да процестерді болғызбау мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы жəне сапалы орындалуына;»;

17) 148-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлінуіне, эрозияның күшеюіне, тұздануға, батпақтануға жəне шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететін басқа да процестерге əкеп соғуы мүмкін болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса» деген сөздер «топырақ құнарлылығының жойылуына, ластануына, эрозиясының күшеюіне, қайта сортандануына, батпақтануына жəне шектес аумақты қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететін басқа да процестерге, топырақтың құнарлы қабатын жоғалтуға алып келуі мүмкін болса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген не теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 149-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы «зерттеу, геоботаникалық жəне басқа да зерттеу» деген сөздер «зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық жəне басқа да зерттеп қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 150-баптың 4-тармағында:

2) тармақшадағы «жерді ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға» деген сөздер «жер мен топырақты ұтымды пайдаланумен» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық жəне басқа да зерттеу» деген сөздер «зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық жəне басқа да зерттеп қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;

20) 151-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «зерттеу», «топырақтың құнарлы қабатын» деген сөздер тиісінше «зерттеп қарау», «топырақты» деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 152-баптың 5-тармағындағы « топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер» деген сөздер «топырақты зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық, геоботаникалық зерттеп қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 153-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:

«зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді» деген сөздер «зерттеп қарауды, мелиорациялық, агрохимиялық жəне геоботаникалық зерттеп қарауды» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармағы 22) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

«дайындауды» деген сөз «жасауды (жаңартуды)» деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 165-баптың 4) тармақшасындағы « топырақ құнарлылығының» деген сөздер «топырақтың» деген сөзбен ауыстырылсын;

24) 166-баптың 6-тармағындағы «зерттеу, агрохимиялық жəне басқа арнайы тексерулер мен зерттеулерді» деген сөздер «зерттеп қарау, мелиорациялық, агрохимиялық жəне басқа да арнайы зерттеп қараулар мен іздестірулерді» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:

49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «топырақ зерттеу» деген сөздер «топырақты зерттеп қарау мен мелиорациялық зерттеп қарау» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

1) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «топырақ қабаты» деген сөздер «топырақ» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 66-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «жəне топырақ жамылғысына» деген сөздер «мен топыраққа» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 112-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацындағы «сулары жай-күйінің» деген сөздер «суларының» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 121-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацындағы «сулары жай-күйінің» деген сөздер «суларының» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 135-баптың 2-тармағында:

«жою» деген сөз «бүлдіру» деген сөзбен ауыстырылсын;

«заңнамасының» деген сөзден кейін «жəне Қазақстан Республикасының топырақты қорғау саласындағы заңнамасының» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 228-бапта:

1-тармақтағы «топырақ қабатын» деген сөздер «топырақты» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақта:

«Топырақ қабаты (топырақ)» деген сөздер «Топырақ» деген сөзбен ауыстырылсын;

«минералдық жəне органикалық қатты бөлшектерден» деген сөздер «минералдық қатты бөлшектер мен органикалық заттардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Топырақ сапасының нашарлауымен, құнарлылығының төмендеуімен, биоəртүрлілігінің азаюымен, топырақ құрылымының табиғи, антропогендік жəне техногендік сипаттағы əсерден бұзылуымен сипатталатын процесс топырақтың тозуы деп түсініледі.

Топырақ құнарлылығының төмендеу, биоəртүрліліктің азаю жəне органикалық əрі қоректік заттар мөлшерінің кему процесі топырақтың құнарсыздануы деп түсініледі.»;

7) 238-бапта:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жерді бүлдірумен байланысты жұмыстарды бастағанға дейін топырақтың құнарлы қабатын уақтылы сыдырып алуды жəне оның сапасының нашарлауын болғызбайтын жағдайларда сақталуын қамтамасыз етуге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес пайдалануға;»;

3-тармақтың 1) тармақшасындағы «топырақ қабатын» деген сөздер «топырақты» деген сөзбен ауыстырылсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жерді қорғау мақсатында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар:

1) жерді құнарсызданудан жəне шөлейттенуден, су жəне жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайта сортаңданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті жəне басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бұзылу процестерінен қорғауға;

2) жерді карантиндік объектілерден, бөтен текті түрлерден жəне аса қауіпті зиянды организмдерден зақымданудан, олардың таралуынан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, сондай-ақ жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға;

3) ластану, оның ішінде биогендік ластану мен қоқыстану салдарын жоюға;

4) қол жеткізілген мелиорациялау деңгейін сақтауға;

5) бүлінген жерлерді рекультивациялауға, олардың құнарлылығын жəне жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымға уақтылы тартуға;

6) жерді бүлдірумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға жəне пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті.»;

8) 317-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) топырақтың сыдырып алынған құнарлы қабаты;»;

9) 359-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «топырақ қабатын» деген сөздер «бүлінген жерлерді» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 7-баптың 1-тармағының 13-1) тармақшасындағы «Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда» деген сөздер «Республикасының халықаралық шарттарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 12-1-баптың 1-тармағында:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қағаз жеткізгіштегі фитосанитариялық сертификатты Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден жəне бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сəйкес өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді жəне жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куəландырады.»;

мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Электрондық нысандағы фитосанитариялық сертификат Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден жəне бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сəйкес мемлекеттік цифрлық жүйе арқылы беріледі жəне ресімделеді.

Қағаз жеткізгіштегі жəне электрондық нысандағы фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің əрбір партиясына беріледі жəне оның карантиндік жай-күйін куəландыруға, онда жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мəліметтер болуға тиіс.»;

3) 13-баптың 2-тармағында:

сегізінші бөлік «мемлекетінің» деген сөзден кейін «қағаз жеткізгіште ресімделген» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор фитосанитариялық тəуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында жөнелту орны мемлекетінің электрондық нысанда ресімделген фитосанитариялық сертификатын карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік цифрлық жүйені пайдалану арқылы жауып тастауға тиіс.».

5. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органмен жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша тек қана əкетуге (экспортқа) арналған, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беру қағидаларын əзірлеп, бекіту;»;

2) 14-6-бап мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) жəне тек қана əкетуге (экспортқа) арналған пестицидтер үшін тіркеу (ұсақмөлдекті жəне өндірістік) сынақтарын өткізу талап етілмейді.

Тек қана əкету (экспорт) үшін өндірілетін (формуляцияланатын) жəне сол үшін арналған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге жəне (немесе) қолдануға жол берілмейді.»;

«2-1. Тек қана əкетуге (экспортқа) арналған тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беруден айыру (оны кері қайтарып алу) осы баптың 2-тармағының 1) жəне (немесе) 2) тармақшаларында көзделген немесе мемлекеттік фитосанитариялық бақылау негізінде оларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу жəне (немесе) қолдану фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады.».

6. «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 12-1) тармақшасы алып тасталсын;

2) 6-баптың 1-тармағында:

21), 22) жəне 25) тармақшалар алып тасталсын;

41) тармақшаның алтыншы жəне оныншы абзацтары алып тасталсын;

41-5) тармақша алып тасталсын;

3) 7-баптың 2-тармағының 12-8) тармақшасы алып тасталсын;

4) 11-баптың 2-тармағының 8-3), 8-8) жəне 8-10) тармақшалары алып тасталсын;

5) 13-1-бап алып тасталсын;

6) 19-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу нəтижесін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;

7) 19-3-баптың 5-тармағындағы «физиологиялық тұтыну нормаларына» деген сөздер «агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган бекітетін əдістемеге» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 23-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «учаскесінің құнарлы қабатын» деген сөздер «учаскесі топырағының құнарлылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 40-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «топырақ қабатын» деген сөздер «топырақты» деген сөзбен ауыстырылсын.

8. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

58-баптың бесінші бөлігіндегі «жерді рекультивациялау мен жердің табиғи құнарлылығын» деген сөздер «бүлінген жерді рекультивациялау мен топырақты» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

2-қосымша мынадай мазмұндағы 389-1-жолмен толықтырылсын:

«

389-1.

Тек қана əкетуге (экспортқа) арналған, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беру

Тек қана əкетуге (экспортқа) арналған, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) келісім беру туралы хат

».

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!