«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 319 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Орталық атқарушы органдарды салалық белгісі бойынша бір қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) басқару пунктінде бірге орналастыруға рұқсат етіледі.
3-2. Жылжымалы басқару пункттері азаматтық қорғаудың республикалық қызметтерін қамтамасыз етуге және олардың жұмыс істеуіне жауапты орталық атқарушы органдарда, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жергілікті атқарушы органдарында құрылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: