Алға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 224 шешімі
(2023.17.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алға аудандық мәслихатының хатшысы | М. Тулеуов |
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023.27.10. № 73 шешімімен тәртібі мен мөлшері жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Алға аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 224 шешіміне қосымша
Алға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері