Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 27/180-VIII шешімі
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VІII «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 358 644 016,4 мың теңге:
салықтық түсімдер - 13 248 478,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 084 173,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 342 311 365,4 мың теңге;
2) шығындар - 358 220 317,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 11 468 022,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 16 009 792,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 541 770,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -11 044 322,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 11 044 322,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 15 679 042,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 052 945,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 418 225,8 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Облыстың жергілікті атқарушы органына 2025 жылға 134 318 875,5 мың теңге көлемінде берешек лимиті белгіленсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | Ш. Байбеков |
Абай облысы мәслихатының
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 27/180-VIII шешімнің
қосымшасы
Абай облысы мәслихатының
2024 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 23/154-VIII шешімнің
1 қосымшасы
2025 жылға арналған облыстық бюджет
| Санаты | Сомасы (мың теңге) |
| Сыныбы |
| | Кіші сыныбы |
| | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |