«Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 206 бұйрығы
(2025.11.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 79-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Электрондық еңбек биржасы» жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын сүйемелдеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18343 болып тіркелген);
2) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын сүйемелдеуді және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 385 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21343 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: