Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 404-VII ПС Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 22 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 22 декабря 2022, 1 января 2023
Дата последнего изменениячетверг, 22 декабря 2022

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 404-VII ПС Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне осы Қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

3. Осы Қаулы оның 2-тармағының ережесі ескеріле отырып, қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының Төрағасы

 

М. ӘШІМБАЕВ

 

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының

2022 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 404-VII ПС қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне

 өзгерістер мен толықтырулар

 

1) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Сенат отырыстарында сөз сөйлеудің мынадай түрлері көзделеді: талқыланып жатқан мәселе бойынша баяндама, қосымша баяндама, қорытынды сөз, талқыланып жатқан мәселенің мазмұны, талқыланатын кандидатуралар бойынша жарыссөздер, ұсыныстар енгізу кезінде дауыс беру жағдаяттары жөнінде, отырысты жүргізу тәртібі жөнінде сөйленетін сөздер, сондай-ақ сауалдар, сұрақтар, сұрақтарға жауаптар, анықтамалар, ақпараттар, мәлімдемелер, үндеулер.

Сенат отырысында, осы Регламенттің 3-1 және 5-тарауларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бас комитет уәкілеттік берген депутат Мәжіліс қабылдаған заң бойынша баяндама жасайды.

Осы Регламенттің 3-1 және 5-тарауларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мәжіліс қабылдаған заң бойынша Сенат отырысында қосымша баяндама жасау көзделмейді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами