«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 352 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16165 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | Б. Атамкулов |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 352 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 867 бұйрығына
2-қосымша
Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау
актісі