«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 739 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 243-1) тармақшамен толықтырылсын:
«243-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрықтың 243-1-қосымшасына сәйкес;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
Мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде - Департаменттің аумақтық органдары:
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 243-1-қосымшамен толықтырылсын.