Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 62 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығымен күші жойылды
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағаның
міндетін атқарушы
Қ. Қожахметов
2015 жылғы «___»___________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 62 бұйрығымен бекітілген