«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 153 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28085 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 10-бабының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары»;