Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 146 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | А. Жаилғанова |
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының
2020 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 146 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025.08.12. № 196 бұйрығымен күші жойылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)