Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған жойылуы мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 367 бұйрығы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша анықталған жойылуы мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі | А. Смаилов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары- Қаржы министрінің
2020 жылғы 8 сәуірдегі
№ 367 бұйрығына
1-қосымша
нысан
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
Хабарлама
| 20___ жылғы «___» __________ | №_____ |