Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 998 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.22.11. № 765 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді,
негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау
қағидалары мен әдістері
(2023.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.22.11. № 765 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.22.11. № 765 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістері (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау тәртібі мен әдісін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда қолданатын негізгі терминдер мен түсініктер:
1) басқарушылық құзыреттер - басқарушылық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, машықтар мен дағдылар;
2) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші - қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің нысандалған сандық мәні;
3) жұмыстар циклы - қызметтік жұмыстың нақты нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған қызметтік іс-шаралар, процестік немесе өзге де кәсіби іс-қимылдар кешені;
4) кәсіби жетістіктердің көрсеткіші - көтермелеулер, сыныптылығы, академиялық немесе ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы, спорт дәрежесінің болуы;