«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 278 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.