Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 283 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 166 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171101001, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Тауарларды өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171101001, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171112003, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171112003, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 171112005, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Электрондық коммерция туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 171112005, индексі Э-коммерция, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;