«Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 7С-9-2 шешімі
Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-9 шешімімен күші жойылды
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | М. Балпан |
Ақмола облыстық мәслихатының
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 7С-9-2 шешіміне
1 қосымша
Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 6С-50-7 шешіміне
1 қосымша
Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар
| № | Аурудың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы) | Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің,медициналық бұйымдардың атауы (шығарылу нысаны) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Ювенильдік идиопатиялық артрит | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
| Тоцилизумаб, инфузиялықерітінді жасауға арналған концентрат |