Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімі
(2021.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019.30.05. № 385/50-VI шешімімен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021.10.03. № 13/2-VII шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11, 12, 13-баптарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019.30.05. № 385/50-VI шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.