ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
16-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) елді мекендердің жерлері үшін - 5 (бес) жұмыс күні, басқа санаттағы жерлер үшін - 10 (он) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.