Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 318-НҚ бұйрығы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2025 жылғы 11 шiлдедегi
№ 318-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің
мемлекеттік тізімі
| Р/с № | Тарих және мәдениет ескерткішінің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| Астана қаласы |