Введите номер документа
Прайс-лист

«Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 343 бұйрығы (2017.14.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 12 мая 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 апреля 2023

Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 343 бұйрығы

(2017.14.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысаны бекітілсін.

2. «Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 43-ө бұйрығының (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2007 жыл, сәуір № 4, 109-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом