Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОБЛИГАЦИЯЛАР БОЙЫНША КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ СУБСИДИЯЛАУ ...

Информация о документе
Датавторник, 24 декабря 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 24 декабря 2019

Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

С. Омаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2019 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 457 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау тәртібін айқындайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом