Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 14 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жумангарин |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 26 ақпандағы
№ 14 бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7047 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларында:
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: