Введите номер документа
Прайс-лист

«Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 775 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 28 октября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 12 ноября 2021
Дата последнего изменениячетверг, 28 октября 2021

Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 775 Қаулысы

 

2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 113-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2021 жылғы 28 қазандағы

№ 775 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу,

қолдану, мониторингтеу және қайта қарау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 113-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықты әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау тәртібін, сондай-ақ кешенді технологиялық аудит жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ең үздік қолжетімді техникалар – қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің неғұрлым тиімді және үздік даму кезеңі, бұл олардың технологиялық нормативтерді және қоршаған ортаға теріс антропогендік әсерді болдырмауға немесе, егер бұл іс жүзінде мүмкін болмаса, барынша азайтуға бағытталған өзге де экологиялық шарттарды белгілеуге негіз болу үшін практикалық жарамдылығын айғақтайды. Бұл ретте:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом