Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 15 қазандағы № 104/қе бұйрығы
(2024.09.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 3-тармағынан басқа, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | К. Масимов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы 15 қазандағы
№ 104/қе бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының
тізбесі