«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;