Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДІ...

Информация о документе
Датапонедельник, 22 июня 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 22 июня 2020

COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді немесе оған күдік болған кезде емдеуге жатқызу үшін Қазақстан Республикасындағы кейбір стационарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 405 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 3-1-тармағына сәйкес айқындалған денсаулық сақтау субъектілері арасында КВИ бар пациенттерді немесе оған күдік болған кезде емдеуге жатқызу үшін Қазақстан Республикасындағы кейбір стационарлардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (келісім бойынша):

1) Тізбеде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын ескере отырып, КВИ бар/оған күдік болған кезде пациенттерді емдеуге жатқызуды;

2) «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығымен көзделген Тізбеде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуді қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами