Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 18 тамыздағы № 147 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 146-4-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында оның ресми жариялануынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызметті цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидаларының 8-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы | Д. Жазықбай |
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 147 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу
қағидасы
1 - тарау. Жалпы ережелер