Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 394 бұйрығы
(2017.02.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) нөмірінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) «Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8887 нөмірімен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 77 (28301) нөмірінде жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;