Қарғалы ауданының «Велихов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 176 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарғалы ауданының «Велихов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 03 желтоқсандағы № 212 қаулысының 2 тармағы күші жойылды деп танылсын.
3. Қарғалы ауданының «Велихов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Жүсібалиев |
Қарғалы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 176 қаулысымен бекітілген