Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қобда аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қобда аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ергалиев |
Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының
2023 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 92 шешіміне қосымша
Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер