Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-02/1057 бұйрығы
2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің Қазақстан Республикасы 58-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 18-02/1057 бұйрығымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану
қағидалары
1. Осы Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 58-бабы 2-тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке мен заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және (немесе) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары алған өзге де деректердi қамтиды.