Атом электр станцияларының жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы өтініштерді қарау жөніндегі келісім комиссиясының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 3 қарашадағы № 136-н/қ бұйрығы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атом электр станцияларының жобаларын іске асыру үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы өтініштерді қарау жөніндегі келісім комиссиясының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ядролық энергетика департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы | А. Саткалиев |
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2026 жылғы 3 қарашадағы
№ 136-н/қ бұйрығымен
бекітілген