Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар бекітілсін.
2. «Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1000 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21426 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы | Ж. Элиманов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы