Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығы (2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 26 февраля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 3 мая 2015
Дата последнего изменениявторник, 1 июля 2025

Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығы

(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы 10 наурыз

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 26 ақпандағы

№ 141 бұйрығымен бекітілген

 

 

Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті
талаптар

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптар (бұдан әрі - міндетті талаптар) тауар биржалары пайдаланатын электрондық сауда жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023.31.05. № 193-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом