Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 59/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер туралы хабардар етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты | Е. Сағымбаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2026 жылғы 8 шiлдедегi
№ 59/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі