«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/1119 бұйрығы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет);»;
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшада:
«13. Үй-ұлттық иттердің тұқымдарының стандарты» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын.
«13. Иттері үй-ұлттық тұқымының тұқым стандарты
1. Қазақ «Тазысы»
| № | Өлшемдері | Стандарт сипаттамасы | Кемшіліктері | Ақаулары |
| 1. | Жалпы түрі және дене бітімі типі | Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі 103. | Дене бітімінің өте жеңілдігі, аяқтары шығыңқы, шамалы созылыңқы болуы (106-ға дейін). | Дене бітімінің жетілмеуі, дене бітімінің дөрекілігі, бостығы, созылу индексі 100-ден кем немесе 106-дан жоғары болуы. |