Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шотынан аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 776 бұйрығы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны орналастыратын бақылау шотынан аудару қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 776 бұйрығымен бекітілген
Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыға берілуге жататын ақшаны қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шотынан аудару
қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақша аудару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 108-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және борышкерден өндіріп алынған ақшаны өндіріп алушының пайдасына ақшаны уақытша ораналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан аудару тәртібі мен мерзімдерін анықтайды.