«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 387 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14850 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (К.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуін;