Введите номер документа
Прайс-лист

«Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/01 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 31 января 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 5 февраля 2020
Дата последнего измененияпятница, 31 января 2020

Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 05/01 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1830 болып тіркелген, 2007 жылдың 28 маусымдағы № 98-100 (20274) «Орталық Қазақстан», 2007 жылдың 30 маусымдағы № 75 (20471) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды облысының әкімі

Ж. Қасымбек

 

Қарағанды облысының әкімдігінің

2020 жылғы 31 қаңтардағы

№ 05/01 қаулысына қосымша

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2007 жылғы 30 мамырдағы

№ 12/03 қаулысына қосымша

 

 

Карантин режимі енгізілуі тиіс өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау нысандарының

тізбесі

 

№ р/р

Шаруашылық субъектілер, басқа да нысандар атауы, жер телімдерінің санаттары

Аудандар (қалалар), ауылдық округтер және елді мекендер атауы

Залалданғаны (ластанғаны)

Ошақтарды анықтау күні (актілер бойынша), ескертпелер

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами