2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 40-3 шешімі
(2019.24.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 43-7 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.24.04. № 44-4 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 46543717 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 9250351 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 217 613 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 394 190 мың теңге;
трансферттер түсімі - 33681563 мың теңге;
2) шығындар - 49252786 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 7 618 750 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 7 618 750 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 1220645 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 1220645 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -11548464 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 11548464 мың теңге:
қарыздар түсімі - 13 833 809 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3521028 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1235683 теңге.
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 43-7 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2019 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 166514 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2019 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджет бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.