Қамысты ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 қазандағы № 118 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 28 шілдедегі № 121 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 01 тамызда № 36550 болып тіркелген) Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың қоса беріліп отырған әдістемесі бекітілсін.
2. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы әділет органдарын хабардар ету;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдау;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 14 қазандағы
№ 118 қаулысымен
бекітілді