Қызылорда қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 199-28/2 шешімі
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Кутухуджаев |
Қызылорда қалалық мәслихаты
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 199-28/2 шешіміне 1-қосымша
Қызылорда қаласында тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған Қызылорда қаласындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;