«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 401 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 821 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы 2014 жылғы 28 қазандағы № 1114 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа бөліммен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарынан «Сараптама қызметін ұйымдастыру басқармасының басшысы С-3 санаты (1 бірлік)», «Сараптама қызметін.ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты (1 бірлік)», «Сараптама қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы С-5 санаты (2 бірлік)» деген бөлімдер алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 401 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің «Б» корпусының
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын
біліктілік талаптары
| Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры С-1 санаты (1 бірлік) |
| Белгілері | Қойылатын талаптар |